Кеңшілік Тышқанұлымен кездесу өтті

⚜️Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйек күндері РАТТ (республикалық ақпараттық-түсіндіру топ) мүшесі Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, теолог Кеңшілік Тышқанұлы аудан тұрғындары, жастар және дін қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

⚜️Шаралар барысында ғаламтор зияны мен пайдасы,діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, діни ақпараттарды дұрыс сайттардан алу, отбасы құндылықтары және зайырлылық қағидаттары жайлы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

⚜️Шаралар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

Related posts