Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.Оған дау жоқ.Дегенмен көп тіл білгеннен ұтпасақ ұтылмаймыз.
Қазақты қазақ ететін- тілі. Ұлтты ұлт етіп сақтайтын-тілі.»Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы.
Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды толық инттеллигент деуге болмас.Сол себепті еліміз дамып, мемлекеттік өркендесін десек, әуелі қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек.Егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам.
Өткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді.
Қазіргі жастар баласының тілі шыққаннан басқа тілді үйретіп әлек болады.Содан кейін тілді біліп қана қою аздық етеді.Оны түсіну керек.Түсіну де аз, қабылдауымыз керек.Қабылдау да аз орындауымыз керек.Сол кезде ғана толық адам боламыз.
Ана-тілі-қасиетті ұғым.Тілді құрметтеудің әліппесі отбасынан бастау алуы қажет.Сонда өресі биік, өрісі кең болмақ. Жастардың тілі үйренуге талпынысы көңіл қуантады.Өзге тілде сөлей білу танымыңды кеңейтеді.
Ана тілі –атамұра.Оған дау жоқ.Бірақ сол қазақтың ішінде өз ұлтының тілін ана тілім санамайтын да адамдар бар.Ана тілім-қазақ тілі деп айтқанымен , сол тілде бір ауыз білмейтін, айта алмайтын, қазақтар жетерлік.
Біз үшін ана тілі деген қасиетті ұғым.Ана тілі дегеніміз, күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшілігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихта бірге жасап, оның төл мәденеиетін ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы.
Тілді жетік білмей, мәдениетті меңгеру мүмкін емес.Жаһандану заманында жаңаартылған бағдарлама талабына орай көп тілді меңгеру-уақыт талабы.Төл тіліңмен қатар өзге тілге де таяздық танытпау маңызды.
Қазір өңірімізде тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.Қоғамдық даму басқармасы жанын құрылған облыстық тілдерді оқыту орталығы мекемесінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.Курс ересектерге, яғни мемлекеттік қызметшілерге, ерікті қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге, жастар, жүргізеді. Көкжиегіңді кеңейткің келсе, тіл үйрен, бірақ ана тіліңді бәрінен биік қой.
Қызылорда қаласының №2 сотының
бас маман -сот отырысының хатшысы
Ә.Жылкелді