Тіл – ең асыл құндылық

Г.Дүйсенова
Қызылорда  қаласының №2 сотының бас маманы

Қазақ тілі — қазақ халқының  басты рухани байлығы. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес  мұра. Әр халық үшін тіл ең басты  құндылық болып табылады.  Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан  дүниесінің  айнасы.
Біздің  елімізде «Қазақстан  халқының тілдер күні» мерекесі тойланады. Тіл – халықтың  сан  ғасырлық тарихы. Әлемдегі кез келген халық  тәуелсіздікке  ұлттық  қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүру қажет. Алаш жұртының арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сын­ұлы: «Қазақтың  атадан балаға  мұра етіп қалдыратын екі қазынасы бар. Оның біріншісі – байтақ  жері,  екін­шісі – бай тілі»-деп  атап  өткен.
Сот саласында да мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыра түсуге қазіргі таңда айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Іс қағаздарының бәрі тегіс мемлекеттік тілде жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолында еліміздің әрбір азаматы, әрбір мемлекеттік мекеме мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту жолында атсалысуға міндетті. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды  жүзеге  асыруды  жалғастыру  керек.
Біздің Қызылорда қаласының №2 сотында  мемлекеттік тіл мә­селесі толықтай шешімін тап­қан айтуға болады. Сотта құжат айналы­мы мемлекеттік тілде жүргі­зіледі. Атап айтқанда, ішкі ұйым­дас­тырушылық құжаттар – өкім­дер,  жедел кеңес хаттамалары  қазақ тілінде жүргізіледі, өзге мекемелерге  құ­жаттар тек  мемлекеттік тілде  жол­данады. Басқа да мем­ле­кет­тік органдар мен ұйымдар­дың, азаматтардың арыз- өті­ніш­теріне  мемлекеттік  тілде  жауап  беріледі.

Related posts