Құжаттарға апостиль  қою тәртібі, халықаралық шарттар бойынша

А.Нысанбаева
Жаңақорған аудандық сотының бас  маманы    

Апостиль – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай ақ, осы қағаз немесе электрондық  нысандағы  құжат  бекітілген  мөрдің немесе  мөртаңбаның  түпнұсқалығын растайтын  арнайы мөртаңба.
     Бұл  жоғары білім туралы диплом, туу туралы  куәлік  немесе  неке  туралы куәлік, мұрағаттан алынған  көшірмелер және басқа да құжаттар  болуы мүмкін.
     Апостиль  қоюды  екі тәсілмен жасауға  болады- еGоv  порталында  немесе ХҚО-да. Электрондық үкімет  порталында қызмет бір жұмыс күні ішінде  көрсетіледі.
     Бүгінгі күні “Сот кабинеті» сервисінде «Апостиль қою» функционалы іске қосылған.«Апостиль қою» функционалы арқылы сот актісін қолына алмаған  азаматтар  сол сотқа  сот актісінің көшірмесін қайта беру туралы  электронды  арыз  бере  алады.
     Апостиль құжатты өзге  куәландыруды немесе  жария  етуді талап етпейді және  Конвенцияға қатысушы  барлық  мемекеттердің  ресми  органдары деп танылады.
   Қағаз нысанды апостиль қою Конвенцияның қатысушысы ретінде  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан немесе ( мекемелерінен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана  шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында  жүзеге асырылады.
     Апостиль құжаттың мәтінен бос орынында не  оның арғы бетінде  қойылады және  уәкілетті мемлекеттік  органның  елтаңбалық мөрімен  бекітіледі.Көлемі бір парақтан  асатын құжатта парақтар тігілуі, баумен байлануы және мөрмен бектілуі тиіс.
    Апостиль, оны ұсынылған құжатқа  қою мүмкін емес болған жағдайда  қағаздың  бөлек  парағында  қойылуы  мүмкін.
     Бөлек жағдайда  құжаттың парақтары мен апостилі бар  парақ кез келген түсті жіппен (не арнайы  жіңішке баумен, лентамен) бірге тігу жолымен бекітіледі. Және нөмірленеді, бұл туралы «жұлдызшада» тиісті жазу жүргізіледі.
     Құжаттардың соңғы парағы бекітілу орнында елтаңбалық мөр қойылатын «жұлдызшамен« желімденеді. Бұл ретте қойылған мөрдің бедері «жұлдызшада»  және  парақта  бірдей   орналасуға тиіс.
     Бекітілген парақтардың саны апостильді қоятын адамның қолымен расталады.  

Related posts