«Е қызмет» жүйесі, бұл – дербес басқарудағы бірыңғай интеграциялық ақпарттық жүйе. Бұл жүйенің енгізілу орталық және аймақтық деңгейде мемлекеттік қызметшілер туралы толықтай кадрлық ақпаратты онлайн тәртібінде алуға, сондай –ақ қағаздық құжат айналымды азайтуға бағытталған. Бұл жүйенің мақсаты – мемлекеттік органдардың кадр қызметінің сапасы мен кәсіби біліктілікті арттырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік органдардың персоналын басқару.
Бұл жүйеде мемлекеттік қызметшілердің кірісі мен шығысы көрініс табады. Басты міндет – сапаны арттыру. Осы ретте қолданысқа жіберіліп отырған «Е қызмет» жүйесі мемлекеттік қызмет үшін атқаратын ісі орасан зор. Бұл жоба агенттіктің және мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметін автоматтандыру, басқару жүйесіне үздік халықаралық тәжірибені енгізу, «онлайн» режімінде орталық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер бойынша барлық ақпаратты алу мақсатында енгізіліп отыр.
«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу персоналды басқару қызметінің жұмысының өнімділігін арттырады.
Жеке деректер, ұйымдастыру ісі (кадрлық есепке алу), кәсіби және жеке бас құзіреті жайлы, білімі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, аттестаттау және бағалау нәтижелері, марапаттау және әкімшілікпен тәртіптік жаза туралы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы сот және құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша жаңартылған ақпараттарды алу кезінде уақыт және еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік береді. «Е-қызмет» жүйесі мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы қолжетімді болады. Мемлекеттік қызметші өз шағымдары мен ұсыныстарын жобаны әзірлеушілерге жеткізіп отырады. Жүйе онлайн режімде персоналды басқарудың барлық кадрлық жұмысын автоматтандыруға көмектеседі. Мәселен, мұнда қанша қызметкердің іссапарда немесе еңбек демалысына қанша уақытқа кеткенін бақылауға болады. «Е-қызметте» сонымен қатар, қызметкерлердің деректері бар жеке іс-қағаздары және кадрлық өзгерістер туралы ақпараттар сақталады.
Әзірленген жобаның басты мақсаты – жұмыс процесін автоматтандыру. Оны енгізу бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиімді. Олар мұнда ынталандырулар мен жетістіктері туралы барлық ақпаратты енгізулері және жаңартулары керек, барлық жұмыстары осы жерден көрініс табады. Өз кезегінде «Е-қызмет» жүйесін пайдалану — мемлекеттік органдарда кадр қызметтерінің жұмыс өнімділігін арттыруға және ақпаратты алу мен жаңарту кезіндегі уақытты, еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Ұлдаш Кушенбаева,
«Қосшыңырау ауылдық округі әкімдігі аппаратының» бас маманы