Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы сексеуіл ормандарымен де әйгілі. Қорық Арал теңізі аймағында орналасқан. Барсакелмес қорығындағы сексеуіл ормандары аса құрғақ ортадағы ерекше экожүйенің сипаты болып келеді. Қорықтың орман қорының жалпы көлемі 56216 га, оның ішінде орманды алқаптар -33208 га. Барсакелмес қорығында сексеуіл орманын қорғау және басқару осы бірегей табиғи ортаны сақтауда және оның болашақта тұрақтылығын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.Қазақстандағы сексеуіл ормандары еліміздің құрғақ және шөлейт аймақтарында өсетін маңызды табиғи кешендер болып табылады. Сексеуіл осы ормандарды құрайтын негізгі өсімдік. Бұл…
Read MoreАудандарда кездесу өтті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 9-16 қазан күндері аралығында Шиелі, Жалағаш, Сырдария, Қазалы аудандарында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен жергілікті атқарушы орган басшыларының кездесуі өткізілді.Кездесу барысында қоғамдық даму бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас мамандары жұмыс барысында атқарылып жатқан функциялары, жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары, 9 айлық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілген шаралар және келер жылға жоспарланған жобалар туралы, 2025 жылдың…
Read MoreАрдагерді ардақтаймыз
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран!» әлеуметтік жобасы аясында,«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі мамандарының ұйымдастыруымен, Шиелі аудандық «Арман» мәдениет үінде 2024 жылдың «25 қазан –Республика күні» ұлттық мерекесіне орай, «Ардагерді ардақтаймыз» тақырыбында, Шиелі аудандық үкіметтік емес ұйымдардың ардагерлердің арасында мәдени шараөткізілді. Аталған шараның алғы сөзін алған Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Ибраев Уалихан Серікұлына және Шиелі ауданы қоғамдық даму бөлімінің жетекші маманы Тәжіков Ермеккеберілді. Сонымен қатар үкметтік емес ұйымдарының төрағалары алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Одан кейін Шиелі аудандық үкметтік емес ұйымдарының төрағаларына сөз берілді. 1. Қалдыбаев Жақсылық Нақыпұлы — «ӨМІР ШАМШЫРАҒЫ» Чернобыль атом электр…
Read MoreӘділетті Қазақстан: заң мен тәртіп
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың тұрақтылығын және еліміздің дәйекті дамуынқамтамасыз ету жолындағы стратегиялық басымдықтарды айқындап берді. Сондай-ақ бас құжатта заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге және саяси жүйенің тиімділігін арттыруға арналған маңызды міндеттер де нақтыланып, белгіленді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағыт айқындалды. Олардың қатарында ақша-несие және салық саясатыарасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттікбасқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сияқты маңызды тақырыптар көтерілген. Әділетті Қазақстанды адал азаматтарқұрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланыстыұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адалеңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістіккежетеді, құрметке ие болады. Ұлы…
Read MoreКассациялық сот
Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болатыны рас. Бірақ дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырысын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендеткен еді. Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, төрелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Мәселен, келер жылы елімізде кассациялық сот құрылады. Кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр. Осы орайда кассациялық соттың мәртебесі және маңыздылығы туралы аудандық…
Read MoreАуыл әйелі — бақ береке бағбаны
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры және Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссиясымен бірлесе ұйымдастыруымен қарапайым еңбекші ауыл әйелдерінің қатысуымен «Ауыл әйелі-бақ береке бағбаны» атты форум өткізілді.Шараның негізгі мақсаты – үлгілі отбасыларының еңбек әйелдеріне құрмет көрсету, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау.Шара «Анаған тағзым» орталығының алдындағы Ана ескеркішіне гүл қойып, тағзым етуден бастау алдыШара барысында «Абзал и К» ЖШС-гі өндіріс орындарымен танысып, Қазақстанның еңбек Ері Абзал Ералиевпен пікірлесті.Қызылорда қаласының сол жағалауындағы жаңадан ашылған Оқушылар сарайымен танысты.Одан әрі, қаламыздағы…
Read MoreЖастармен кездесу өтті
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 15 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығында «Жемқорлықсыз қоғам құру — баршаға міндет» тақырыбында TedX форматында жастармен кездесу өткізілді. Әділеттілік пен адалдықты ту еткен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беріп, білімдерді дағдыландырып…
Read MoreЖастар ресурстық орталығында семинар өтті
Ағымдағы жылдың 14 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдармен тәжірибе алмасу мақсатында семинар өткізілді.Семинарды «Шымкент облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы Арзыханов Юсуп Арзыханов Рустамұлы жүргізді.Юсуп Рустамұлы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына қатысу ережелері жайлы, электрондық сандық кілт (ЭСК) алу жайлы, электрондық сандық кілтті мемлекеттік сатып алу порталына тіркеу, әлеуметтік жобаларға құжаттарды жүктеу, конкурстық құжаттаманың құрылымы, конкурстық құжаттаманың қосымшалары, конкурсқа әлеуметтік жобаны тапсыру және конкурсқа қатысуға байланысты талаптар, ҮЕҰ-ды критерийлеріне қарай…
Read MoreҚазақстан Республикасы судьяларының ІХ съезі
Қазақстанның соты тәуелсіздік жылдарында үлкен даму белестерінен өтті. Осы жылдар ішінде үздіксіз жүзеге асырылған реформалар саланың аяғынан тік тұрып, өзіндік бет-бейнесін қалыптастыруына, жұмысын жүйелеуіне ықпалын тигізді. Соттың беделін биіктетіп, судьялар тәуелсіздігін нығайтуда жыл сайынғы Президент Жолдаулары мен әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын республика судьялары съезінің орны зор. Жолдаулар отандық сотты халықаралық талаптарға сай жаңғыртуға, заңдардың сапасын көтеруге, сот пен судьяға деген сенімді нығайтуға көмектесетін сауатты бағыт-бағдар нұсқауымен бағалы болса, съездер саладағы мәселелерді әріптестермен кеңесе отырып бірігіп шешуге, өзара тәжірибе алмасуға, шеберлікті шыңдауға, аға буын мен кіші буын арасындағы байланысты нығайтуға,…
Read MoreСыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ағымдағы жылдың 08 қазан күні Шиелі индустриалды техникалық колледжі және Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының 1 қабатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлының қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді.Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары мен жастарына заңгер Дәулет Ізбасарұлына өздеріне қажетті сауалдарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі туралы ақпараттар алды.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және…
Read More
 
                     
                     
                     
                     
                     
                                
                             
                                
                             
                                
                             
                                
                             
			 
			 
			 
			 
			 
			 
			 
			 
			