Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басымдыққа ие саясат» тақырыбында полиция органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айнұр Болат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, комплаенс офицері Жаппасбаев Алибек Бақытжанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева…
Read MoreСыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі
Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісіҚызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 23 қазан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.Негізгі мақсаты: жастар арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы,мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы жастарға құқықтық…
Read MoreӘлеуметтік желідегі діни сипаттағы ақпаратты қордалау және оны тарату қауіпі
⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 11 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен «Әлеуметтік желідегі діни сипаттағы ақпаратты қордалау және оны тарату қауіпі» тақырыбында Шиелі ауданы жастарымен кездесу өткізілді.⚜️Кездесуді Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы ашып, сөз кезегін Бақтияр Есенгелдіұлына берді.⚜️Кездесу барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің зияны, ұлттық құндылықтар мен тәлім-тәрбие, интернетті дұрыс пайдалану, теріс ағымдардан сақтану жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.⚜️Шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.
Read MoreДіни ақпарат алу және таратудың сауаттылығы
⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 10 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Шиелі ауданының дін қызметкерлерімен «Діни ақпарат алу және таратудың сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізілді.⚜️Семинарды Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамы Қожанов Рахат Серікбайұлы ашып, сөз кезегін Бақтияр Есенгелдіұлына берді.⚜️Бақтияр Есенгелдіұлы жат діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы, қазіргі таңда халықтың құқықтық және дінтанулық сауаттылығын көтеру арқылы дін атын жамылған деструктивті және экстремистік идеологияға қарсы көзқарас қалыптастыруға…
Read MoreЖат ағымдардан сақтану және жастар арасында киберқауіпсіздік
⚜️Шиелі қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 10 қазан күні РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Шиелі ауданы бойынша мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, тарих дәне дінтану пәні мұғалімдеріне, психолог мамандарына арналған «Жат ағымдардан сақтану және жастар арасында киберқауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізілді.⚜️Семинарды Асыл Мұра-Орда қоғамдық қорының жетекшісі Айжан Айтмамбетова ашып, сөз кезегі Бақтияр Есенгелдіұлына берілді.⚜️Бақтияр Есенгелдіұлы жат діни ағымдарға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы, экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу, ел бірлігі…
Read MoreӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ БІР КҮНІ
Жастар арасында әскери қызметке деген қызығушылықты күшейту және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қалалық С. Шаухаманов атындағы №9 мектебінің 11 сынып оқушылары және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастарына Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімі есігін айқара ашты. Оларды әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Караманов Берік Азаматұлы, қарсы алып әскери бөлімнің тарихы және өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып берді. Ашық есік күні – біздің әскери бөлім үшін нағыз мереке. Жастарды офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметкерлер, әсіресе сарбаздарымыз жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болды. Әскери бөліміміздің дәстүрлі Ашық есік күніне жиналғандар көп болды.…
Read MoreСудьялардың ІХ съезіндегі талқылау нәтижелері туралы
Судья – конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген сот билігін атқарушы.Судьялар съездері – бұл судьялар қауымдастығының сот жүйесін жүзеге асырумен байланысты өзекті мәселелерін ортаға салып талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң.Республика судьяларының съезі мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірі үшін мәні зор оқиға екені сөзсіз. Бұл осындай съездерде сот жүйесін одан әрі дамыту жолдарын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданатындығына байланысты.Қазақстанда мұндай съездер төрт жылда бір рет өткізіледі. Съездердің сот жүйесін дамыту үшін ерекше стратегиялық маңызы бар. Олардың әрқайсысында соттардың даму қорытындылары шығарылады және перспективаға…
Read MoreЕлімізде Судьялардың IX сьезі өтті
Ең алғаш 1996 жылы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Судьяларының Одағы» құрылып, республика судьяларының алғашқы сьезі өтті.Сот саласының дамуында судьялар сьезінің алар орны ерекше. Әр төрт жыл сайын саланың кем кетігін түгендеп, келер сьезге дейінгі мақсат жоспарларды айқындап беретін жиын дәстүрлі түрде биыл тоғызыншы рет өткізілді.Бұл сот жүйесі үшін маңызды іс шара. Судьялар сьезі- елімізде сот жүйесіндегі негізгі мәселелерді талқылап, стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын бас қосу соңғы рет пандемия кезінде онлайын режимде өткен еді. Биыл 4 қазанда Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының IX сьезі өтті.…
Read MoreКассациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі туралы
Елімізде 01.07.2025 жылдан бастап Астана қаласында Кассациялық соттар құрылады. Мемлекет басшысы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша тәуелсіз кассациялық соттар құруды көздейтін заңға қол қойды. Кассациялық соттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, олардың құқықтарын қорғауға оң әсер ететін болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге асуда. Тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады. Кассациялық сотқа, апеляциядан әділдік таппағандар шағымдана алады. Бүкіл облыстан аппеляциядан қаралғаннан кейін, …
Read More«Еуро хаттама» мобильді қосымшасы іске қосылды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұсақ жол-көлік оқиғасына тап болған жүргізушілерге арналған «Еуро хаттама» бағдарламасы іске қосылды. Бұл ұсақ жол-көлік апатына тап болған жүргізушілердің ымыраға келуіне мүмкіндік беретін, жеңілдетілген тәртіппен реттеу–Еуро хаттама рәсімі енгізілген. Жол-көлік оқиғасына қатысушының екеу де өздерінің ұялы телефондарына «Еуро хаттама» қосымшасын немесе сақтандыру ұйымының сайтына жүгінуге тиіс. Тіркеу рәсімінен өтіп, жол-көлік оқиғасының фото материалдарын қоса тіркеу қажет. Сақтандырушылар автокөліктердің соқтығысу фактісі мен келтірілген залалдың мөлшерін растайтын қосымша материалдарды сұрамайтындай жіберілген фотосурет сапалы болуы тиіс. Жол-көлік оқиғасы орнына полиция қызметкерін шақырмай ақ көлік иелері екеуара келісіп онлайн …
Read More
 
                     
                     
                     
                     
                     
                                
                             
                                
                             
                                
                             
                                
                             
			 
			 
			 
			 
			 
			 
			 
			 
			