Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп ү.ж. 06 қазан күні сағат 10.00-де Абай ауылдық округі, 12.00-де Қарауылтөбе ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрекс – уақыт талабы» тақырыбында ауыл тұрғындары мен жастармен семинар өткізілді. Негізгі мақсаты: Ауыл тұрғындары мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының…
Read MoreАуған соғысының ардагері жастарымен кездесті
Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы аудан жастарымен кездесті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен жастардың кездесулерін ұйымдастыру мақсатында ү.ж 27 қыркүйек күні сағат 10.00-де Шиелі индустриалды аграрлық колледжінің жастарымен және сағат 15.00-де Жаңақорған аграрлық техникалық колледжінің мәжіліс залында Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жастармен кездесті. Кездесу барысында жастарға отанды сүю, әскери борышын орындаудың маңыздылығын және еліне қызмет ету, жас…
Read MoreАудандарда семинар-тренингтер өтті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 28 қыркүйек Жалағаш, Қармақшы аудандарында және 29 қыркүйек күні Қазалы, Арал аудандарында Психолог, педогогика ғылымдарының магистрі Қойшыбаева Қарлығаш Балтабаевнаның қатысуымен әр отбасында мейірімді қарым-қатынас орнатып, ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністікті қалыптасыруға атсалысу мақсатында семинар-тренингтер өткізілді. Шара барысында Қарлығаш Балтабаевна жанұя берекесі мен құндылықтарын сақтай білу, өмірдегі түрлі отбасылық мәселелердің шешімін табу, бала тербиесі туралы жастарға, жас отбасыларға бағыт бағдар берді. Тренер семинар-тренингті еркін форматта жүргізіп, отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, психологиялық…
Read MoreСуреттер байқауы қорытындыланды
Облыстық қоғамдық даму басқармасының Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 6 қазан күні ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында суреттер байқауының қорытынды іс-шарасы өткізілді. Шараға Қызылорда облысы бойынша департаментiнiң превенция басқармасының бас маманыҚойшыбаева Жанар Жалғасбайқызы, Облыстық қоғамдық даму басқармасының заңгері Аблаева Аида Бекболатовна және С. Айтбаев атындағы көркемсурет галлереясының суретшісі Назаров Батырбек Жеңісбекұлы қатысты. Шара қорытындысы бойынша суреттер байқауынан І орын иеленген Мұханбетжан Мағжан, ІІ орын иеленген Берік Алтынай Айбекқызы, ІІІ орын иеленген Майланова Ағияш жүлделі орын алған жеңімпаздарға…
Read MoreСОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА НА ТЕМУ «СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ И РЕЛИГИОЗНЫЙ РАДИКАЛИЗМ»
Сегодня состоялась встреча на тему «Социальные сети и религиозный радикализм» с участием Сакена Сайранулы Салтана, члена Жалагашской районной республиканской информационно-разъяснительной группы. На встрече присутствовали ветераны, имамы мечетей, школьники, представители средств массовой информации. Модератором встречи выступил начальник районного отдела социального развития Меирбек Амангельдиулы Куракбаев. В годы, когда мы стали независимой страной и создали свой фонд, религия занимала особое место в росте и развитии нашей страны. Точкой соприкосновения религии и государства является целостность страны, единство и стабильность общества. Поэтому очень важно определить и усовершенствовать сферу сотрудничества двух сторон, его правовые механизмы в…
Read MoreЖастармен кездесулер өтті
Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 03-06 қазан күндері аралығында РАТТ мүшесі, журналист-теолог, ҚР журналистер одағының мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлымен Сол жағалау 5А, ҮЕҰ-дың орталығы мәжіліс залында «Медиа және терроризм» тақырыбында АТТ мүшелерімен семинар өткізілді. Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Қызылорда «Болашақ» университетінің студенттерімен, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжінде, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Абылай хан» атындағы Қызылорда жоғары колледжінде, Әскери техникалық мектепте «Әлеуметтік желі және діни радикализм»…
Read MoreАЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ЖАЗБАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР, ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ
eGov.kz порталында азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:✓egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;✓басты бетте «Азаматтарға» — «Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» — «Әділет министрлігі» бөлімін таңдаңыз;✓»Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;✓көрсетілген қатарлар бойынша мәліметтерді және керекті құжатты енгізіңіз;✓қажетті төлемді жасаңыз;✓қызметке қол қойып, қаралымға жіберіңіз.Қызмет көрсету нәтижесі eGov.kz порталының Жеке кабинетінде пайда болады.
Read MoreӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ ДІНИ РАДИКАЛИЗМ
Бүгін Жалағаш кентіндегі Руханият орталығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Сәкен Сайранұлы Салтанның қатысуымен «Әлеуметтік желі және діни радикализм» тақырыбында кездесу өтті.Кездесуге ардагерлер, мешіт имамдары, мектеп оқушылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.Кездесуге аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Мейірбек Амангелдіұлы Құрақбаев модераторлық жасады. Егемен ел атанып, тұғырымызды бекіткен жылдар аясында, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны айрықша. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі һәм тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор, — деді Мейірбек…
Read MoreЖастар және жас отбасылармен кездесу өтті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Мерейлі отбасы» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 28 қыркүйек күні сағат 11.00-де Жалағаш ауданы, Аудандық кітапханада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша номинациямен марапатталған отбасының мүшесі Ерәлі Роза Көшекбайқызының қатысуымен және сағат 15.00-де Қармақшы ауданы, Жастар ресурстық орталығында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленген Қармақшылық Көбеевтер отбасының мүшесі Көбеев Сарсенбай Молдабекұлының қатысуымен және 29 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қазалы аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленген Қазалы ауданынан…
Read MoreШиеліде акция өтті
Ү.ж. 27 қыркүйек күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысына сәйкес СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ қалыптастыру жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» тақырыбында акция өткізілді. Шараның мақсаты: Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша түсіндіру.Акция барысында Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алған жерлерге 100 дана ақпараттық стикерлер таратылды.
Read More