Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қыркүйек күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің бірлесе отырып Қармақшы ауданында діни бірлестіктер филиалдарына келушілер арасында ұйымдастырылған кіші футболдан жарыс өткізілді. Шараның ашылу барысын Қармақшы ата мешітінің бас имамы Тобжанов Өміржан сөз сөйлеп, қатысушыларды жарыстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Шараға кент және елді-мекендерден 8 команда қатысып, футбол жарысынан сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Жарыстың үздік ойыншылары сайыс барысында …
Read More«Абылай Хан» атындағы жоғары колледжінде дөңгелек үстел өтті
Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жастармен кездесті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен жастардың кездесулерін ұйымдастыру мақсатында ү.ж 15 қыркүйек күні сағат 10.00-де «ORDA» жоғары колледжінде және сағат 12.00-де «Абылай Хан» атындағы жоғары колледжінің мәжіліс залында Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жастармен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жастарға отанды сүю, әскери борышын орындаудың маңыздылығын және еліне қызмет ету, жас…
Read MoreСыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында №1 және №6 қалалық емханалардың мәжіліс залдарында сұхбат алаңы өткізілді
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Избасарұлымен бірлесіп, №1 және №6 қалалық емханаларының мәжіліс залдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді. Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта…
Read MoreШИЕЛІДЕ “ҚАМҚОРЛЫҚ-ШИЕЛІ” ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!
Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің тапсырысы негізінде “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қамқорлық-Шиелі” орталығы ашылды. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық-қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлық- зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді.Біз әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткіземіз! Сол мақсатта біз “Қамқорлық-Шиелі” дағдарыс орталығын аштық! Егер сізде қатігездік пен зорлық-зомбылық орын алса төмендегі номерлерге хабарласуыңызды сұраймыз! Орталық жетекшісі-Аликулов АдилЖауапты маман- Мадиярова Шырайлым-87751268787Психолог-Зарина Жарылқасынқызы
Read More“ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!” СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ, КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.
2023 жылғы 31 тамыз күні Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің тапсырысы негізінде “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” семинар-тренингі және кезднсу өтті. “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету” жобасының мақсаты:Әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткізу. Шараға Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы өкілдері, орталық мамандары…
Read MoreҚызылорда облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы ҮЕҰ жетекшілерімен кездесті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 01 қыркүйек күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өңірде агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын…
Read MoreКездесу өтті
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 31 тамыз күні Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 32 жыл толуына орай «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлымен кездесу өткізілді. Кездесуді ҮЕҰ-дардың ресурстық орталығының басшысы Ахметова Айшолпан Тұрсынбековна жүргізді. Шара кезінде Семей полигонында жасалған сынақтар нәтижесінде өмірден өткен азаматтардың рухына арнап 1 минут үнсіздік жариялап еске алды. Кездесуде Сәбит Ыдырысұлы Семей ядролық сынақ полигоны кезіндегі болған жағдайларды, қиындықтарды, батырларымыздың…
Read More«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп ү.ж. 28 тамыз күні сағат 10.00-де «Талсуат ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді. Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде…
Read MoreДөңгелек үстел өткізді
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сыздықов Жәнібек Шәкімбайұлы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде Жәнібек Шәкімбайұлы экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге деген мұқтаждықты қамтамасыз ету, автомобиль көлігінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту, облыстық автомобильмен тасымалдау нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі үшін жағдайлар жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып, оның ішінде ҮЕҰ өкілдеріне жан-жақты мағлұмат беріп, қойған сұрақтарына…
Read MoreСыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында сұхбат алаңы өткізілді
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 22 тамыз күні сағат 10.00-де Көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сұхбат алаңы өткізілді. Негізгі мақсаты: тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тағыда басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берілді. Шараға спикер ретінде КР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің…
Read More