Азамат К.Ж 2024 жылғы 14 қаңтарда сағат 01.30 шамасында алкогольдік масаң күйде үйіне келіп қызы А.К-ға былапыт сөйлеп, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот отырысында азамат К.Ж. кінәсін толық мойындап көрсетті.
К.Ж-ның әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті кінәсін мойындау түсініктемесімен, жәбірленуші қызы А.К. арызы мен көрсетуімен, полиция қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен бекітілген.
Азамат К.Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Сонымен қатар, құқық бұзушы К.Ж-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талап белгіленді.
Кайнар: Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі сотының баспасөз қызметі