СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ


⚜️Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орындар автобус аялдамаларында және қоғамдық көліктерде акция ұйымдастырылды.
⚜️Акция барысында қала тұрғындарына құзырлы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық стикерлер таратылып, плакаттар ілінді.
⚜️Сонымен қатар, қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша және жемқорлықтың көріністері орын алған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Related posts