Үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын.
Аталған өзгерістердегі басты жаңалық келер жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде дербес кассациялық соттардың құрылуы болды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кассациясот жүйесініңдегі үш сатының бірі ретінде Жоғарғы Соттың құрамында өз функциясын атқарып келеді.
Алайда аталған сатыда барлық істерді қайта қарауға мүмкіндік болмады. Себебі кассациялық сот алқасы өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайтын.
Соның салдарынан қылмыстық және азаматтық істердің небәрі 5 пайызы ғана кассацияға жолданатын.
Атап айтқанда қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша; сот талқылауы барысында шығарылған, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша және тергеу судьясы шығарған сот актілері кассациялық тәртіпте қарауға жатпайтын.
Келер жылдан бастапқылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша апеллциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайды.
Сондай-ақ бірыңғай кассациялық тәртіп заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараун, алдын ала қараудың болмауын, 6 ай шегінде ақылға қонымды мерзімдер белгілеуін, істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарауды қамтитын болады.
Осы орайда жаңашылдық дамыған шет мемлекеттерде тиімді қолданылып келе жатқандығын атап өткенжөн.
Өйткені біз өмір сүріп жатқан құқықтық мемлекетте азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен бостандығын қорғау сот жүйесіне тікелей байланысты.
Бұл өзгерістер алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына барынша ықпал жасау екенін түсінген жөн.
Э.Серікбаева
Жаңақорған аудандық сотының Бас маманы
сот отырысының хатшысы