Әйел бейнесі – қоғам бейнесі

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Алтын Орда» ҚҚҚ ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30 қазан күні, сағат 11:00-де «Әйел. Қоғам. Саясат» жобасы аясында «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбында әйелдер форумы өтеді.

Форумға спикер ретінде «Перзент» балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаева, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қоғам қайраткері, «Игілік» журналының бас редакторы Меруерт Айтенова, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, №23 мектеп лицейдің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызы қатысады.

Форумның мақсаты — отбасындағы және қоғамдағы әйел рөлінің маңызын дәріптеу, кешегі қазақ әйелінің даналығы арқылы қазіргі заман әйелінің бейнесін ашып, болашақ қазақ әйелінің болмысын қалыптастыруға серпін беру.

Форум жаңа бастамаларды, әйелдердің қоғам өміріндегі рөлін арттыруға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жеке өсуі үшін жағдай жасауға арналған жалпы тәсілдерді әзірлеу үшін диалог алаңы болады. Сонымен қатар әйелдер құқығын іске асыру үдерістерінің тиімділігі туралы айтылады. 

Өтетін орны: Жастар ресурстық орталығыКММ-і (Түркістан көшесі 1)

  Қосымша ақпарат: Бораш Лаура 8 700 360 96 00

Related posts