Кассациялық сотты құру заман талабы

   А.Нысанбаева
   Жаңақорған аудандық сотының бас маманы

   2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, елордада апелляциялық және  қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот жұмыс істейді. Қазіргі уақытта  қылмыстық істер, азаматтық істер және  әкімшілік істер  бойынша 3 кассациялық  сот құру жоспарланып отыр.

     Касациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында да талқыланып  жатыр. Сот жұмысының сапасын  арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Тәуілсіз кассациялық  сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген  сенім деңгейін  арттыруға  ықпал етеді.

      Сондай ақ кассациялық сотты тәжірибеге  енгізу  сотқа  кететін  қаржыға нұқсан келтірмей азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол  ашады.

        Жаңа модельді іске асыруға қосымша  қаржы керек  емес. Жүйе сот төрелігі мен әділдігінің артуына септігін тигізбек. Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында қаралған «сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі  туралы» заң  жобасында осындай  ұсыныс бар.

        Сонымен қатар, құжаттама  сот төрелігінің сапасын, судьялардың  кәсіби біліктілігін, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған  тетіктер  қарастырылған.

Былтыр ғана мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кез­десуде дербес кассациялық сатыны құру мәселесіне атап өткен болатын. Бұл мәселенің өзі кәсіпкерлердің, заң қоғамдастығының, түрлі сала мамандарының ұсыныс-тілегінің  негізде  көтерілгені  белгілі.

Оның негізгі мақсаты – барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік жасап, азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын толық жүзеге асуына мүмкіндік жасау.

        Кассациялық сот Астана қаласында отырып, бүкіл республикалық деңгейде жұмыс істейді.Сот актісімен келіспегендер, бірден  осында жүгіне алады.

        Бұл –сот  жүйесінің әділ  жұмыс  істеуіне  кепілдік беріп, азаматтардың  сенімін арттырады.

        Кассациялық  сот  үш бағытта жұмыс істейді. Қылмыстық, азаматтық және  әкімшілік  істерді  толық  қарайды.

        Бастама  Президент  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  кассациялық  сотты жасақтау  жөніндегі  тапсырмасынан соң жүзеге асып отыр. Жаңа соттың өз алдына  судьясы  мен  жеке  ғимараты  болады  деп  жоспарлануда.

Related posts