Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Б.Ұ.Жаңабаев жергілікті редакция тілшілерімен баспасөз конференциясын өткізді.
Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар мен қаралған істер туралы айтылды.
Төраға өз сөзінде статистикалық мәліметтерге тоқталып, 2024 жылдың 12 айында соттың өндірісіне 625 қылмыстық істер сотқа тіркелген. Бұл көрсеткішті 2023 жылмен салыстырғанда қылмыстық істер саны 66 іске көбейген деп көрсетті.
- ҚПК-нің талабымен «Үкімді орындау кезінде соттың қарауына жататын мәселелер» туралы сотқа келіп түсетін ұсыныс материалдар саны 2023 жылдың 12 айымен салыстырғанды 413 ұсынысқа азайғандығын атап өтті, яғни 2024 жылы сотқа 1366 ұсыныс материалдары тіркелген.
2024 жылы сотталған адам саны- 590 адам, ақталған 1 адам, жәбірленушімен татуласуға байланысты – 59 іс қысқартылған оның ішінде 56 -сы , медиация заңы қолданылған.
Сонымен қатар, төраға өз сөзінде сотталған 590 адамның 186-сы бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандығын, қалғандарына бас бостандығынан айырудан тыс жаза тағайындалғандар, яғни бас бостандығынан шектеу, қоғамдық жұмысқа тарту жазасы, айыппұл жазасы және шартты түрде сотта болғандар құрайды деп тоқталды.
Сот төрағасы өз сөзінде 15 сәуір 2024 жылы әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкерщілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын заңдарға енгізілген нормаларға тоқталып, соңғы кездері соттарда жиі қаралып жүрген ҚК-нің 106-бабының бірінші бөлігіндегі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» қылмыстарына бас бостандығынан айыру ретінде баламасыз жаза енгізілген. Сол секілді ҚК-нің 107 бабында көзделген «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» қылмыстарына тағайындалатын жаза күшейгендігін айтты.
Заңнамадағы жаңашылдықтың бірі, ҚК-нің 108-1 бабы Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ҚК-нің 109-1 бабы Ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылып толықтырылғандығын және осы баппен сот өндірісінде 25 іс 25 адамға қатысты қаралып, 10 іс боынша айыптау үкімі қабылданып,, 14 іс жәбірленуші тараппен татуласуға байланысты өндірістен тоқтатылғандығын көрсетті.
Қорытындылай келе төраға баспасөз конференциясына қатысушы тілшілерге басты мақсат орын алып жатқан құқық бұзушылықтармен халықты ақпараттандырып, қауіптен сақтандыру екендігін тілге тиек етті.
Қызылорда қаласының № 2 соты