29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні. Осыған орай бүгін «Тағзым» алаңындағы «Ауған, Невада-Семей, Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш» маңында Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды еске алу шарасы өтті. Оған қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Семей полигонының ардагерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің жеке құрамы және жастар қатысты.Шарада қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, облыстық ардегерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш өңіріміздегі Семей полигонын залалсыздандыруға атсалысқан ардагерлерге алғысын білдіріп, елімізге бірлік пен бейбіт өмір тіледі.Семей полигонында жасалған сынақтар нәтижесінде өмірден…
Read MoreМЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Отбасы күніне орай, бүгін «Отбасы орталығында» азаматтық қоғам өкілдері, қоғам белсенділері және жас отбасылардың қатысуымен мерекенің мәнін айшықтайтын іс-шара ұйымдастырылды. Отбасы күнін мерекелеуге арналған апталықтың бүгінгі күні «Мықты отбасы — мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбына бағытталған. Қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Бөкенбайұлы азаматтық қоғам өкілдері мен қоғам белсенділерінің арасындағы бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып, отбасының түтінін түзу ұшырып, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі болар отбасылармен кездесті. Іс-шара барысында жас отбасы, 10, 15, 50 жыл бір шаңырақ астында жарасым құрған отбасыларға қала әкімінің…
Read MoreӨрт сөндірілді
2024 жылы 11 қыркүйекте 15 сағат 25 минут өткенде Қызылорда қаласы Қазақстан көшесі №169 тұрғын үй ауласында 24 ш аршы метр алаңда сарай жанып, одан кейін Исаев көшесі №38 мекенжайындағы көрші аулаға өрт көшті. Өрт салдарынан құрылыс материалдары (бөренелер) жойылды. Өрт 15 сағат 52 минут өткенде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 13 қызметкер және 2 техника жұмылдырылды. Қызылорда облысы ТЖД
Read MoreАпостильдеу және заңдастырудың ерекшеліктері
Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады. 2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдардың тізіміне Қазақстан Республикасынығң Сот әкімшілігі де кіреді. 2017 жылдан Сот…
Read MoreОтанның бір бөлшегі — отбасы
Отбасы — адамзаттың баға жетпес байлығы. Адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Сондықтанда жақсылықтың бәрі отбасынан, басталады. Ол ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастың отын жағушы ерекше ұя. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, адам ең діңгегі де берік болады.”Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап тәрбиені отбасынан алады. Бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық…
Read MoreЖемқорлыққа қарсы күрес әр азаматтың міндеті
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына кедергі келтіріп отырған ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып саналады. Оның алдын-алу, болдырмау мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен түрде құқық бұзушылыққа төзбеушілік акциялары тұрақты түрде жүзеге асып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау жөнінде жастардың санасына жете түсіндіруміз керек. Қазіргі таңда қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамда әр тұлғаның санасына құқықтық мәдениетті қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Сол себепті де, құқықтық мәдениетті одан әрі жетілдіру, түсіндіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнінде көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. Сыбайлас жемқорлық түсінігіне анықтама беруде…
Read MoreГендерлік теңдік – мемлекеттің басым бағытының бірі
Қазақ елінің тарихында ел шетіне жау шапқанда қолдарына қаруларын алып, ерлермен бірдей дұшпанмен айқасқан батыр қыздарымыз баршылық. Сонау Томирис пен Заринадан бастап, Әлия мен Мәншүкке дейін үлгі етерлік батыр арулар жеткілікті. Тіпті, тәуелсіздіктің қарлығашындай болған Ләззат пен Сәбираның өзі талай намысты ұлға өнеге етуге тұрарлық. Әйел баласының бұдан да басқа қасиеттері жетіп артылады. Қазақ қоғамында әйел баласына, анаға ерекше қамқорлық пен құрмет көрсетіледі. Сол себепті, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі гендерлік саясат туралы сөз етпекпіз. Ол – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық…
Read MoreСот отырысының хатшысы болу жауапты міндет
Ж.АскароваҚызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылғансотының бас-маманы, сот отырысының хатшысы Әрбір саналы адам еңбек істеп өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты биік, міндеті үлкен. Сот отырысының хатшысы болу жауапты міндет екенін айта кету керек. Себебі азаматтарға қатысты істер бойынша сотқа келіп түскен сәтінен бастап, оның аяқталуына дейінгі атқарылатын жұмыстардың 50-пайызы хатшымен орындалады. Яғни істің тағайындалуы, тараптарға жолдануы, тараптарды сот отырысына қатыстыру үшін хабарлама жіберу, анықтау, сот отырысын ұйымдастыру, тараптар сот отырысына қатыспаған жағдайда анықтау т.б. жұмыстар жатады. Осы абыройлы қызметтің мінсіз болуы –…
Read MoreОтбасы — бақыт мекені
Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысына сәйкес, «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту” әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 06 қыркүйек күні Отбасы орталығында «Отбасы — бақыт мекені» атты шеберлік сағаты өткізілді.Шеберлік сағат барысында қала және аудандардан келген Алтын той иелері жастарға сан-салалы қызметте еңбек етіп, отбасының ынтымағы мен тыныштығын сақтау, қызмет пен ұрпақ тәрбиесін қатар алып жүрудің қыр-сырын айтып, отбасының қызықты оқиғаларымен бөлісті.Отбасы құндылықтарын қадірлеп, жарты ғасырын бірге өткізген, бір-біріне демеу болып, өмірге әкелген перзенттеріне тәлімді тәрбие бере білген көп балалы, өнегелі отбасыларды салтанатты марапаттау шарасында…
Read MoreАЭС ҚҰРЫЛЫСЫ: ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында, «АЭС құрылысы: дамыған елдердің тәжірибесі мен Қазақстан үшін даму мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының қоғамдық жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры Әбдікәрімов Бақытхан Жүнайдұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Инжинирингтік технологиялар білім беру бағдарламасының зерттеуші-профессоры Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы және Тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай Яхияұлы спикер ретінде қатысып, ғылыми…
Read More