Сот төрелігінің болашақтағы бағыты

Ағымдағы  жылдың 4 қазанында  Астана  қаласында Елбасының  қатысуымен  Қазақстан  Республикасы  судьяларының  кезекті IX съезі өткізілді.Республика судьларының съезі әр төрт жыл сайын ұйымдастырылады және сот  жүйесінің  дамуына  зор  әсерін  тигізетін  маңызды  жиын болып табылады.Әрбір   бас  қосқан судьялар съезі  сот тарихында айтарлықтай орны бар. Съезд өткізудің негізгі мақсаты – еліміздегі сот жүйесін дамыту, оны қазіргі  заманға  сəйкестендіру, атқарылған істерге баға беріп, болашақтың бағытын айқындау болып табылады. Қазіргі кезде Республика соттарында кадр саясатын жетілдіру мен судьялардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын одан әрі жалғастырылуда және судья қызметіне тағайындауда жариялылық пен  ашықтықты қамтамасыз ету үшін…

Read More

Съезде көтерілген мәселелердің орындалмайқалғаны жоқ

Сот жұмысын жандандыруда Судьялародағының маңызы зор. Ал осы судьялардың кәсіподағы саналатын қоғамдық бірлестіктің негізі1996 жылы өткен республика судьяларының алғашқы съезінде қаланған болатын. Содан бергі 28 жылдың ішінде Судьялар одағы тоғыз съездің өтуіне бастамашы болды. Әр төрт жылұйымдастырылатын бұл съездердің сот қызметіндегі орны бөлек. Тоғыз съездің көтерген мәселесі, талқыға салған тақырыбы әртүрлі. Бірақ, оның қай-қайсысы да сот саласын дамытуға, судьялардың дербестігі мен сапалы қызметіне жолашуға бағытталған. Биылғы съезд мінберінде де маңызды мәселелер көпшілік назарына ұсынылды. Әсіресе, судьялардың Әдеп кодексінің қабылдануы тоғызыншы съездің басты ерекшелігі ретіндетарихта қалары анық. Сонымен бірге, алқалы басқосуда өз пікір-ұстанымын білдіргенәріптестеріміз судья көмекшісі лауазымын енгізу, әкімшілік әділет институтын жандандыру, соттағы мемлекеттік тілді қолданысын арттыру қажеттігін алға тартты. Әлбетте, судьялар съезінде сөз болған мәселелердің бәрі де өзекті. Олардың алдағы уақытта оң шешімін тауып, сот жұмысын ілігерілетуге қызмет етері күмән туғызбайды. Өйткені, бұған дейінгі съездерде айтылған, назарға алынған ұсыныс, пікірлердің еленбей, ескерілмейқалған кезі жоқ. Мысалы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде «Судьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты…

Read More

25-қазан – Республика күні

Республика күні қайта оралды. Парламент депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематалография және мәдениет мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтылырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Енді 25 қазан- Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі, ал 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні болып қала береді. «Бұл өте маңызды тарихи шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шын мәнінде осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан алғанда маңызды қадам», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталатын. Бұл…

Read More

Татуластыру рәсімдері

Халқымыз бірлігін берік ұстап, татулықты ту еткен. Кешегі билердің салған сара жолы, көшпенділердің көші бүгінде жалғасын табуда. Қазақ халқы бесікте жатқаннан бірлікке, ынтымаққа, татулыққа тәрбиелейді. Кешірімді болуды әрқашан қәперде ұстауды баланың бойына сіңіреді. Екі рулы елдің арасында туған дауларды билер әрқашанда татуластыра отырып шешкен. Билер салған сара жолмен елімізде тәжірибенегізінде азаматтық, қылмыстық заңналарды ізгілендіру бағытында, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы Елбасымызбен қабылданған. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жан-жал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы түрі. Бітістіру рәсімдерінің мақсаты: рәсімнің екі бірдей тарапының көңілінен шығатын дауларды шешу нұсқасына қол жеткізу;…

Read More

Сырдарияда Бақтияр Есенгелдіұлымен кездесулер өтті

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 14-15 қазан күндері РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.Атап өтсек, Сырдария ауданына қарасты Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Іңкәрдария және Ақжарма ауылдық округі тұрғындарымен кездесулер өткізілді.Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.

Read More

Қазалыда іс-шаралар өтті

Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 15-16 қазан күндері РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде, Қазалы ауданы Қорқыт ата атвндағы өнер мектебінің ұжымымен, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен, №216, №226 мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен, аудандық көп бейінді аурухана ұжымымен, қала және кент әкімдігі қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Жиын соңында қатысушылар…

Read More

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 18 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орын «Aray City Mall» сауда орталығында акция ұйымдастырылды.⚜️Акция барысында қала тұрғындарына құзырлы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық стикерлер таратылды.⚜️Сонымен қатар, қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықтың көріністері орын алған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Read More

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 22 қазан күні «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, комплаенс офицері Жаппасбаев Алибек Бақытжанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы мен этномәдени бірлестік мүшелері және…

Read More

Кеңшілік Тышқанұлымен бірқатар кездесу өтті

⚜️Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен РАТТ (республикалық ақпараттық-түсіндіру топ) мүшесі Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, теолог Кеңшілік Тышқанұлы аудан тұрғындары, жастар және дін қызметкерлерімен кездесулер өткізді.⚜️Шаралар барысында Кеңшілік Тышханұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм турасында сөз қозғап, кездесуге қатысушыларға біздің рухани құндылықтарымыз – дініміз бен дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екенін…

Read More

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС, АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АЯСЫНДА ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖҮРГІЗУ

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қазан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басымдыққа ие саясат» тақырыбында полиция органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айнұр Болат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, комплаенс офицері Жаппасбаев Алибек Бақытжанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева…

Read More