Шетелмен байланыстағы жұмыстар үшін құжат дайындаудың өз қиындығы бар. Алайда «Апостиль» мөртабаны қою арқылы, «апостильдеу» десек түсінікті болар, яғни «жеңілдетілген заңдастыру» жүйесімен жұмыс жасасаңыз болады. Ол үшін сіз құжат жолдағалы отырған мемлекет Гаага конвенциясына қосылған ба, жоқ па, соны біліп алсаңыз болды.
Егер сіз құжат жолдағылы отырған ел Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін ел болса құжат жолдау кезінде — «апостиль» мөртабанын қоясыз және жолдайсыз.Ал, Сіз құжат дайындап баратын ел Гаага конвенциясына қатысушы мемлекет болып табылмаса, құжатты консулдықта заңдастыру қажет. Бұл белгілі жайт.
Айта кетейік бұл құжатты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің органдарында, содан кейін сол елдің Қазақстан Республикасындағы консулдығында куәландыруды қамтитын неғұрлым күрделі рәсім. Бұл ретте, құжат консулдықтың белгісі тұрған елдің аумағында ғана заңды күшке ие болады.
Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында, бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.
Бұл құжатпен жұмыс жасаудағы жеңілдік, ыңғайлылық олы. Сондықтан өзге елмен жұмас жасарда осындай мүмкіндіктерді пайдалануымыз өзімізге жақсы. Ондай болмақ қайда деп шетелмен жұмыс жасамаймынға басып бұған назар салмай кетпеңіз. Бәлкім күні ертең-ақ сіз де шетелмен жұмыстас боларсыз. Сонда есіңізде жүрсін.
Қызылорда қаласының
№2 сотының баспасөз қызметі