Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына 2023 жылдың 12 айында 8928 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс келіп түскен. Өткен жылдан 68 әкімшілік іс қалдыққа қалған.
Оның ішінде 36 әкімшілік іс мәні бойынша қарау басқа соттарға жолданған болса, 8868 әкімшілік іс негізінен қаралған.
Жалпы 2023 жылдың 12 айында келіп түскен әкімшілік істерді өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1049 іске немесе 12 % көбейген.
8868 адамға қатысты 8868 әкімшілік іс негізінен қаралып, оның ішінде 7350 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған болса, 1507 іс бойынша әкімшілік іс сот өндірісінен қысқартылған, 11 іс бойынша ықпал ету шаралары тағайындалған.
Жаза тағайындау тәжірибиесіне тоқталатын болсақ, 2023 жылдың 12 айында қаралған әкімшілік істер бойынша 7350 адамға қатысты әкімшілік жазалар тағайындалған.
Әкімшілік жазалар тағайындалған істердің ішінде 5094 адамға әкімшілік айыппұл, 291 адамға арнаулы құқықтан айыру, 1361 адамға әкімшілік қамақ, 527 адамға ескерту, 77 адамға ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығару жазалары тағайындалған.
Сонымен қатар, негізгі жазалармен қатар 321 іс бойынша көлік құралын басқару құқынан айыру, 12 іс бойынша ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығару, 74 іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған заттарды мемлекет пайдасына тәркілеу, 12 іс бойынша тиісті қызметінен лицензияны тоқтату түріндегі қосымша жазалар тағайындалған.
Келіп түскен әкімшілік істердің ішінде 8637 әкімшілік іс, яғни 99 % мемлекеттік тілде қаралған
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 44-1-тарауы негізінде өткен жылдан қалдық 28 шағым, келіп түскені 402 шағым, ҚР ӘҚБтК-нің 45-тарауы негізінде келіп түскені 16 шағым, ҚР ӘҚБтК-нің 47-тарауы негізінде келіп түскені 9 шағым, барлығы 427 шағым келіп түскен.
Есепті мерзімде жүріп тұру еркіндігін шектеуге қатысты 64 материал келіп түсіп, қаралған.
Кайнар: Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі сотының баспасөз қызметі