Айгерім Енсепбаева
Облыстық перинатальды орталығы, босану бөлімінің акушері
Жәрдем берушінің басты мақсаты – рухани қолдау, денеге түсетін ауыртпашалаққа демеу болу, босанатын адамға қолайлы, жайлы әсер жасау, яғни ол алдын-ала босану процесін біліп, дайындалып келген адам болу керек. Босанушы әйелдің белін, ішін сипап, нүктесі толғақты жансыздандыратын массаждар жасау, әйелдің дұрыс тыныс алуына, жүріп-тұруына, суын, тамақ ішуіне көмектеседі.
Босанушы әйел босанудың І кезеңінде, яғни толғатып жүргенде қандай қалыпта өзінің жақсы сезінетін позасын өзі таңдайды. Оның допқа секіруіне, серіктесінің демеуімен отыруына, жерге жатуына, тізелеп отыруына болады.
Босанудың ІІ кезеңі күшену басталғанда да әйелдер осы қалыптарда қалуына болады. Олар тұрып, отырып, бір қырынан, жерге жатып та босана алады. Әйел өзіне ыңғайлы қалыпты өзі таңдайды.
Серіктестік босану дегеніміз – оның ең маңыздысы серіктес алдын ала дайындалып келіп, боснатын әйел толғатқанда, оған жақсы психологиялық атмосфера ұйымдастыру, оған ыңғайлы жағдайда босануға қолдау көрсетуі қажет.
Серіктестік босануға қатысатын адам босанудың өте жауапты, қатты ауратын моменттері болатын қажет физикалық еңбек екенін білу керек, кейде қорқыныш сезім болу екенін білдірмеуге, оған төзуін не көмектесуі қажет. Босану серіктерінде ауа тамшысы арқылы жұғатын жедел респираторлы аурудың клиникалық көріністері болмау керек, дене температурасы қалыпты болу керек.
Босану процессіне қатысатын серіктес мынадай көмек көрсете алады: 1. Әйелдің толғағы арасындағы уақытты бақылауы қажет. 2. Серіктес босанушы әйелдің есіне толғақ арасында босаңсуы қажет екенін ойына салып тұру 3. Босанудың тез және жеңіл болуы үшін күйеу әйелмен бірге тыныс алуы қажет. 4. Қажет болса, серіктес босанушы әйелдің беліне массаж жасауы мүмкін 5. Босанғанда серіктесі оның оған өзіне ыңғайлы позаны таңдауына көмектеседі. Әйел серіктесінің мойнына асылып тұрып босануы да мүмкін. 6. Серіктес босанушы әйелдің көңілін көтеріп оны мақтап, тыныш, жайлы жағдай жасауы қажет. 7. Ер адам босануға қатысы жоқ басқа жағдайларда өте көп көмек көрсетуі мүмкін. Мысалы: ол қажетті бір заттарды апарып, алып келуге, дәріханадан қажетті дәрілерді алып келуге, су беруге, дәрігерді шақыруға көмек көрсетуге қажет.
Босанар алдында қандай шешім қабылдасаңдар да, естеріңде болсын, ол қадамды алдын ала ойластырып және жан-жақты келісіп жасаңдар. Тек сонда ғана босану процессі жақсы, жеңіл болып, болашақта ең бақытты отбасы болуыңыз мүмкін!