Оспанов Бақтиярпен кездесулер өтті

Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 24, 25, 27 маусым күндері РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.

Соның ішінде, Жалағаш ауданына қарасты кент және ауыл дін қызметкерлерімен, аудандық ішкі істер бөлімі мамандарымен, аудандық Жастар ресурстық орталығы мамандарымен, ауданға қарасты Жаңадария, Аламесек, Еңбек, Аққұм ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Related posts