СҰХБАТ АЛАҢДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қараша күні Тасбөгет кентіне қарасты №4 емханада және Көп бейінді облыстық балалар аруханасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлибаевнаның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сұхбат алаңдары өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қаржаубаева Ляззат Майлибаевна құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде түсіндіріліп ақпараттар берді.

Related posts